Бір атеист (Құдайға сенбейтін адам) христиан елінен Ислам өлкесіне келеді. Барған жерінде пікір-сайыстарда алдына шыққандардың барлығын жеңіп жүреді. Басра қаласына келіп, маған жауап бере алатын бірде бір ғалым таба алмадым дейді. Хазіреті Хаммад: «Сен алдымен біздің балалармен таласып көр» деп алдына ол кезде әлі жас болған Нуман бин Сабитті (Имам Ағзам) шығарады.
Атеист ашуланып мінберге шығады да: «Ғалымдарың қайда? Маған соларды шақырыңдар!» дейді. Жас Нуман бин Сабит: «Не болды? Менен қорықтыңыз ба?» дегенде, шыдай алмай бірінші сұрағын қояды:
- Бар нәрсенің басы мен соңы болмауы мүмкін ба?
- Әрине мүмкін
- Қалай?
- Cанауды білесіз ғой, бірдің алдында қандай сан бар?
- Ештеңе жоқ.
- Осы жалғандағы бірдің алдында ештеңе болмағанда, шынайы Бірдің алдында қалайша бір нәрсе болсын?
Атеист бұл жауап алдында сасып қалады, кейін былай деп сұрайды:
- Кез келген нәрсенің бір бағыты болады. Сен айтқан шынайы Бірдің жүзі қай жаққа қарап тұр?
- Шамды жаққанда жарығы қай жақа түседі?
- Белгілі бір жақ деуге болмайды.
- Жалғандағы жарықтың бағытын таппағанда, мәңгілік нұрдың бағытын қалай таппақсың?
Атеист тағыда бір сұрақ сұрайды:
- Бар болған нәрсенің бір орны болу керек-қой.
- Иә, жаратылғандар солай.
- Онда шынайы Бар деген Құдайдың орны қайда? Неге оны көрмейміз?
- Жаратқанмен жаратылғанды салыстырып болмайды. Бірақ, мына сүтте май көріп тұрсың ба?
- Жоқ.
- Бар екенін білсең де көрмей тұрмын деп жоққа шығара аласың ба? Сенің ақылың бар ма?
- Әрине, бар.
- Бар болса көретін едік дейсің, ақылың бар болса көрсет қане?
- Жарайды, бар болған сол Құдай дәл қазір не істеп жатыр?
- Сен маған бүкіл сұрақтарынды мінберде тұрып сұрадың, енді сен ол жерден түсіп менің орныма кел, мен мінберге шығайын саған сол жақтан жауап беремін.
Атеист мінберден түсіп жатқанда жас Нуман былай деп мінберге шығады: «Аллаһу таала сен сияқты бір имансызды мінберден түсіріп, мен сияқты имандыны мінберге шығарды, Оның қазіргі ісі осы».
Кейін Рахман сүресінің «Олай болса, Раббыңның қай нығметтерін жоққа шығара аласың?» деген 28-аятын оқыды. Бұл жағдайдан кейін атеист айтатын сөз таппай жеңіліп, масқара болып, ол жерден алыстап кетті.